ҚАН_ТОБЫНА_ҚАТЫСТЫ_ҚЫЗЫҚТАР Ересек адам денесінде 5 литр қан болады. Олар мынадай төрт топқа бөлініп қаралады: О (1-ші), А (2-ші), В (3-ші) және АВ (4-ші) топтар. Әрбір адам өзінің қан тобын білуі тиіс, қан құю қажет болғанда бұл керек болады. Ал қан құрамы адам жасының ұлғаюына, тұтынған азық, сұйықтар түріне, тұрғылықты жері ерекшелік¬теріне қарай өзгере береді. Қан адамның аура деп аталатын қуаттық халін де қалыптастырады. Мысалы, халық көңілді адамдардың қанын жеңіл деп сипаттайды, ұстамсыз, тез қимылдайтындардың қаны ыстық дейді. Мінезі нашар, көре алайтын адамдардыкін – ауыр қан, жалқау, ештеңеге қызықпайтын жандардыкін суық қан дейді. Адамның денсаулық күйін де қанына қарап анықтап отырады. Сондай-ақ отбасын құруда да қан тобына мән беру керек деседі. Бұған қатысты мынадай ұғым бар: – Ең сәтті жұптық үйлесім 1-ші және 3-ші топтағыларға, 2-ші және 4-ші топтағылардың одағына тиесілі; – Ерлі-зайыптылардың екеуі де 1-ші немесе 3-ші топтан болса, бұл да жаман одақ емес; – Екеуі де 2-ші, 3-ші немесе 4-ші топтан болса, үйлесуі қиын; – 1-ші мен 4-ші, 2-ші мен 3-ші топтағылардың тіл табысуы тіпті де қиын. Сол сияқты, мамандардың пікірінше, адамдарға кейбір дерттер де қан тобына қарай тән болып келеді екен. Олар былай дейді: 1-ші топтағылар жүрек, көкбауыр, қалқанша без, қан ауруларына (мұның ішінде гемофилия да бар), артритке, радикулитке бейім. 2-ші топтағыларда асқазан-ішек жолы, бауыр, өт жолы, жүрек-қан тамырлары жүйесі дерттері, жүйке жүйесі аурулары, анемия, ревматизм жиі кездеседі. 3-ші топтағылар көбіне суықтап ауырады, жарақат алып қала береді, оларға жүрек-қан тамырлары, вена тамырларының кеңеюі дерттері үйір. Буындары, белі ауырады, шаршағыштық, қаназдық мазалайды. Диабет, қызыл жегі, жаңғалақтық, иммундық қалыпсыздықтар да оларда жиі кездеседі. 4-ші топтағылар жыныстық және несеп жолы жұқпалары алдында әлсіз, бүйрек, несеп қабы, асқазан-ішек жолы, жүйке жүйесі ауруларына бейім. Қатерлі ісік те осы топтағылардың арасынан көбірек кездеседі. Депрессияға, айкезбелікке, емші-көріпкелдікке бейім¬дерде қаны 4-ші топқа жататындар. Мұны да біле жүргейсіздер. Әсіресе қанының қай топқа жататынын білу кім үшін болса да маңызды.

Теги других блогов: аура денсаулық қан тобы